Головкиннің спарринг серіктесі үш чемпиондық белбеудің иегері атанды
Америкалық боксшы Джулиан Уильямс (27-1-1, 16 KO) өз отандасы Джарретт Хердті (23-1, 16 KO) нокаутқа түсіріп, бірінші орта салмақта WBA, IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі АҚШ-тың Виргиня штаты Фэрфакс қаласындағы EagleBank аренасында өтті және жекпе-жек толық 12 раундқа созылды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Уильямсқа берді - 116:111, 115:112, 115:112.
Херд екінші раундта нокдаунда болды. Ол мерзімінен бұрын жеңілуге аз қалды, оны гонг құтқарып қалды.
Херд спорттық мансабында бірінші рет жеңілді, ол 23 кездесуде жеңіске жетіп, 16 қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген. Уильям болса 27 кездесуде жеңімпаз атанды (16 КО), сондай-ақ, ол бір рет жеңілген және бір рет тең түскен.
Айта кетейік, Уильямс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) спарринг серіктесі болған. Ол мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) өткен бірінші кездесуге дайындалуға көмектескен.
Жарнама