Профи-бокс
10 сәуір 2017 12:59
 
Головкиннің спарринг қарсыласы WBA чемпиондық атағы үшін жекпе-жек өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің спарринг қарсыласы WBA чемпиондық атағы үшін жекпе-жек өткізеді © behindthegloves.com

Орта салмақта өнер көрсететін британдық боксшы Джордж Гроувз пен ресейлік Федор Чудинов WBA тұжырымының чемпиондық атағына талас жекпе-жегін өткізетін болды. 

Бұл жекпе-жектің өтетінін Груовзтың жұмыстарымен айналысатын Sauerland Events промоутерлік компаниясы мәлім етті. Жекпе-жектің нақты қай күні өтетіні келесі аптада белгілі болады. 

29 жастағы Гроувз кәсіпқой бокс шаршы алаңында 2008 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол осы уақытқа дейін 28 кездесу өткізіп, оның 25-де жеңіске жеткен. Қазіргі уақытта Гроувздың еншісінде WBA International тұжырымының чемпиондық белбеуі бар. 

Соңғы рет ол шаршы алаңға өткен жылдың 18 қарашасында шығып, төрешілердің шешімі бойынша қазақстанды дүниеге келген Эдуард Гуткнехттен (30-5-1, 13 KO) үстем түскен еді. 

ВАл 30 жастағы Чудинов болса кәсіпқой боксқа 2009 жылы ауысқан еді. Ол 23 кездесу өткізіп, 20-да жеңіске жеткен. Бір рет жеңілсе, екі мәрте қарсыластарымен тең түскен. Соңғы рет ол шаршы алаңға 4 ақпан күні, Мәскеу қаласында өткізіп, Золтан Паппадан (14-4-1, 10 KO) айласын асырды. 

Айта кетейік, 2014 жылы Гроувз қазақстандық боксшы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің спарринг қарсыласы болған еді. 

Жарнама

Живи спортом!