Кәсіпқой бокс
15 наурыз 2017 15:37
 
Головкиннің спарринг қарсыласы отандасымызбен Big Bear-де өткен жаттығуы туралы айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің спарринг қарсыласы отандасымызбен Big Bear-де өткен жаттығуы туралы айтып берді © docstanleyssportsindepth.blogspot.com

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің спарринг қарсыласы америкалық Кеандре Лезервуд Vesti.kz порталына отандасымызбен өткізген жаттығулары туралы айтып берді. 

Айта кетейік, Кеандре Лезервуд соңғы үші айда Big Bear жаттығу залында Головкиннің спорринг қарсыласы болып келді. Одан бөлек, бұл боксшының өзі Головкин мен Джейкобс арасында өтетін бокс кешінде британдық Энди Лига қарсы жұдырықтасады. 

- Кеандре, Головкинмен өткізген жаттығу жұмыстарыңыз қалай өтті?

- Біріншіден, мен сіздердің маған ерекше көңіл бөліп отырғандарыңызға көп рақмет. Қысқаша қайырайын, өйткені уақыт тым аз. Головкинмен өткізген жаттығу жұмыстарын жақсы өтті. 

- Бұл уақыттың ішінде Головкинмен достасып үлгердіңіз бе? 

- Әрине. Геннадий өте қарапайым адам. Бұл уақыттың аралығында біз жақсы дос болып қалдық. Оның басты артықшылы - күші. Жаттығудан тыс кезінде оның күші мүлде байқалмайды. Бірақ рингте оның күшінің соншалықты зор екенін көресің. 

- Жалпы жаттығу жұмыстарыңыз қалай өтті?

- Бір ауыз сөзбек айтсам, өте жақсы. Барлық жігіттер оның ішінде Головкин де жақсы дайындықты өткізді. 

- Головкинмен жаттыққан көп жігіттер онымен жаттығып өзінің жаңа қырларын ашып жатқанын айтып жатыр ...

- Не туралы сұрағыңыз келгенін түсіндім. Бұл маған да қатысты. Мен Головкиннен көп жаңа дүние үйрендім. Енді сол тәжірибемді рингде қолдануға тырысамын. 

- Энди Лиге қарсы өткізетін кездесуіңізге сәттілік тілеймін!

- Рақмет! Жеңіске жету үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Сіздердің чемпиондарыңызға сәттілік тілеймін. 

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Жарнама

Живи спортом!