Головкиннің салмағындағы чемпион күтпеген мәлімдеме жасады
Орта салмақта WBC белбеуінің иегері америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) осы салмақта қала беретіні туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды vRINGe.com порталы.
Орта салмақта WBC белбеуінің иегері америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) осы салмақта қала беретіні туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды vRINGe.com порталы.
Чарлоның шаршы алаңға шықпағанына бір жылдай уақыт болды. Америкалықтың супер орта салмақта мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) кездесу өткізіп, қыруар ақша жасап қалуына мүмкіндігі болған еді. Бірақ ол аталған айқастан бас тартты. Кейін Джермалл 76,2 келіде Давид Бенавидес (25-0, 22 KO) және Калеб Плантпен (21-1, 12 KO) жекпе-жек өткізеді деген қауесет шықты. Алайда америкалық бұл ұсыныстарды да қабыл алмады.
"Мені қазір орта салмақта ешкім менсінбейді. Шынымен, ешкім байқамайтын сияқты. Мен орта салмақтағы әйтеуір бір боксшы емеспін ғой. Мен 72,6 келіде WBC белбеуінің иегерімін. Ал қалған белбеулер кімде? Мен алдағы ағам Джермалл секілді барлық белбеуді жинап алуды көздеп отырмын. Мені осы салмақтағы ұлы боксшылардың бірі ретінде есте сақтағандарын қаламаймын", - деді Чарло.
Айта кетейік, Чарло негізі 19 маусым күні Мацей Сулецкиге (30-2, 11 КО) қарсы белбеуін қорғау керек болатын. Дегенмен жарақатына байланысты америкалық жекпе-жекті кейінге шегерді.
Содан соң ол жуырда орта салмақтағы көп боксшылар кездесуден қашқанын айтты. Оның ішінде қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) де бар деді.
Жарнама