Профи-бокс
21 сәуір 2017 15:38
 
Головкиннің орта салмақтан қашан кететінін күтіп жүрмін - Мартин Маррей

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің орта салмақтан қашан кететінін күтіп жүрмін - Мартин Маррей

Британдық боксшы Мартин Маррей (34-4-1, 16 КО) ең болмаса бір чемпиондық белбеуді жеңіп алу үшін орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және  IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің жуық арада салмағын ауыстырады дегенге үмітті. 

"Әлі де болса чемпион болатыныма сенемін. Росадо секілді мықты боксшыларға шамам жетеді. Қазіргі уақытта Головкиннің орта салмақтағы барлық белбеулерді (WBO тұжырымының чемпиондық белбеуі Сондреске тиесілі - ред) жинап алды. Сондықтан да мен салмағымды ауыстырып, екінші орта салмаққа ауыстым. Бірақ екінші орта салмақтағы боксшылармен жұдырықтасқаннан кейін, маған орта салмақ ыңғайлы екенін түсіндім. Иә, бұл салмақта қазір Головкинге тең келетін ешкім жоқ. Бірақ жақын арада ол екінші орта салмаққа ауысады деп үміттенемін. Сол кезде менің де чемпиондық белбеуді жеңуге мүмкіндік болады", - деп келтіреді Мюррейдің сөзін vringe.com порталы. 

Айта кетейік, Мюррей ертең Англияның Ливерпуль қаласында америкалық Габриэль Росадоға қарсы жекпе-жек өткізеді. 

Еске салайық, 2015 жылы Мюррей Монте Карлодағы "Chapiteau de Fontvieille" спорт кешенінде отандасымыз Геннадий Головкинмен кездесіп, 11 раудта техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді. 

Жарнама

Живи спортом!