Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 KО) міндетті қарсыласы Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) қазақстандық боксшыны жеңемін деп тағы да батыл мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Эскива "твиттер" парақшасында ESPN тілшісі Сальвадор Родригеске - "Мен GGG-ді жеңемін. Сіз мұны жазып қойыңыз. Бразилия тарихқа кіреді", - деп жазба қалдырды.
Айта кетейік, Эскива 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері. Ол міндетті қарсылас атағын биыл канадалық Патрис Вольниді жеңіп, иеленді.
Фалькао мен Головкин арасындағы жекпе-жек 2023 жылы өтуі мүмкін.