Профи-бокс
30 мамыр 2022 14:09
 
Головкиннің міндетті қарсыласы отызыншы жеңісіне қол жеткізді

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің міндетті қарсыласы отызыншы жеңісіне қол жеткізді ©boxnews247.com

Орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (42-1-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырған бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) аргентиналық Кристиан Фабиан Риосты (23-15-3, 7 КО) жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл айқас Сан-Паулу (Бразилия) қаласындағы Arena de Lutas  спорт кешенінде өткен кештің басты жекпе-жегі болды. Кездесу басынан аяғына дейін өтті. Оның қорытындысы бойынша төрешілер Эскиваға жеңісті берді. Осылайша, бразилиялық боксшы каьерасында 30-жеңісіне қол жеткізді. 

Айта кетейік, Фалько Риота Муратамен (16-3, 13 КО) кездесуден кейін Головкинді бірнеше рет жекпе-жекке шақырды. Бірақ отандасымыз ақырында Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші кездесу өткізетін болды. Аталған жекпе-жек қыркүйек айында болады. 

Сондай-ақ Фалькао Головкиннің IBF чемпиондық белбеуіне міндетті қарсылас. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!