Профи-бокс
22 қараша 2017 16:48
 
Головкиннің міндетті қарсыласы Чарлоның келесі қарсыласы анықталды

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің міндетті қарсыласы Чарлоның келесі қарсыласы анықталды ©:boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) міндетті қарсыласы америкалық Джермалл Чарлоның (26-0, 20 КО) WBC белбеуінің уақытша чемпиондық атағына таласатын қарсыласы анықталды. 

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, Чарло бұл белбеуді рейтингті төртінші орында тұрған Уго Сентеномен (26-1, 14 КО) сарапқа салады. Олардың кездесуі қаңтар айына жоспарланып отыр. 

"Біз бұл уақытша чемпиондық кездесуді "Канело" мен Головкин арасындағы кездесуге кедергі келтірмей үшін ұйымдастырып отырмыз. Мұндай шешім екі боксшыға да қолайлы деп ойлаймын. Өйткені, бұл кездесуден кейін де Чарло Головкиннің міндетті қарсыласы бола бермек. 

Чарлоның қарсыласы Уго Сентено болады. Ол рейтингте жоғары тұрған қолжетімді боксшы. Жекпе-жек қаңтар айында өтелі. Бұл дегеніміз егер Головкин Альвареспен екінші кездесуді өткізбейтін болса, ол емін-еркін белбеуін қорғай береді. Содан соң Чарло мен Сентено арасындағы кездесудің жеңімпазымен немесе Альвареспен кездесуі ықтимал", - деп келтіреді Сулейманның сөзін BoxingScene.com порталы. 

Еске салайық, Чарло ортиа салмақтағы WBC белбеуінің міндетті қарсыласы атағын шілде айында аргентиналық Хорхе Себастьян Хейландты (29-5-2, 16 КО) төртінші раунда жеңіп, қол жеткізді. Бұл америкалық боксшы үшін орта салмақтағы бірінші кездесуі еді. 

Уго Сентено болса 2016 жылы польшалық Мацей Сулецкиден (26-0, 10 КО) жеңілгеннен кейін, қатарынан екі жеңіске жетті. Тарқатып айтсақ, ол Рональд Монтес (17-7, 15 КО) және Имманувель Алиммен (17-1-1. 10 КО) үстем түсті. 

Жарнама

Живи спортом!