Головкиннің командасындағы боксшы келесі айқасы туралы хабарлады
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) келесі кездесуі туралы хабарлап, көрермендерді қызық күтіп тұрғанын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) келесі кездесуі туралы хабарлап, көрермендерді қызық күтіп тұрғанын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ахмедовтің келесі кездесуі 30 шілде күні Лос-Анджелес қаласында өтеді.
"Шаршы алаңға қайта оралатыныма қуаныштымын. Бұл кездесуге керемет дайындық өткізудеміз. Келіп тамашалаған және теледидардан көрген жанкүйерлер жақсы әсер алады деп уәде беремін", - деді боксшы.
Айта кетейік, Ахмедов соңғы кездесуін 2021 жылдың айында өткізіп, Мексика елінің боксшы Пол Валенсуэланы (26-11, 17 КО) жеңген болатын.
Ал Ахмедовтің жекпе-жектерін орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) тиесілі GGG Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.
Жарнама