Профи-бокс
4 мамыр 2018 15:07
 
Головкиннің командасы Альвареспен екінші кездесудің мәселесін шешу үшін IBF ұйымымен келіссөз бастады

  Пікірлер

blog.share

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) командасы Бүкіләлемдік бокс федерациясына (IBF) чемпиондық белбеуді міндетті қорғау мәселесін түсіндіруді сұрады, - деп хабарлайды vringe.com.

Головкиннің командасы 2018 жылы қыркүйекте Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші кездесудің мәселесін шешу үшін IBF ұйымының осы кездесуге рұқсат беретінін не бермейтінін анықтап алуды қалап отыр. 

Еске салайық, Головкин  өзінің келесі кездесуін америкалық Ванес Мартиросянға қарсы Астана уақытымен 6 мамыр күні таңда Карсон (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өткізеді. Негізі әу баста отандасымыз бұл күні Лас-Вегаста HBO арнасында PPV жүйесі бойынша Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек еді. Бірақ жекпе-жекке екі ай қалғанда мексикалық боксшы допингпен ұсталып, бокстан шеттетіліп, жекпе-жек өтпейтін болды.

Жарнама

Живи спортом!