Профи-бокс
3 сәуір 2018 10:27
 
Головкиннің командасы 5-мамыр күні өтетін жекпе-жекті басқа спорт кешеніне ауыстыру үшін өтініш жасады

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің командасы 5-мамыр күні өтетін жекпе-жекті басқа спорт кешеніне ауыстыру үшін өтініш жасады ©:express.co.uk

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) командасы 5-мамыр күні өтетін жекпе-жекті Лас-Вегаста басқа спорт кешенінде өткізу үшін өтініш жасады, деп хабарлайды express.co.uk порталы. 

Басылымның мәліметі бойынша, Головкиннің командасы MGM Grand спорт кешенінде өткізу туралы өтініш жасаған екен. Тіпті Альвареспен өтетін кездесу де осы спорт кешенінде өтуі мүмкін. 

Сондай-ақ басылым Головкиннің командасы мұндай шешімге "Канеломен" жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін деп қауіптеніп, осындай қадамға барып отыр екен. 

Еске салайық, 27-наурызда Невада штатаның Атлеттер комиссиясы Альваресті екі допинг сынаманың (17 және 20-ақпан) кленбутерол дәруменіне оң нәтижесін бергені үшін уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Мексикалық боксшының ісіне байланысты нүкте 10-сәуір күні шығуы керек еді. Алайда іс 18-сәуірге ауыстырылды.

Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының Альварестің ісі қалай аяқталысына қарамастан 5-мамыр күні шаршы алаңға шығуға дайындалып жатқанын хабарлады. Олардың екінші кездесуі де Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған. 9 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды.

Жарнама

Живи спортом!