Профи-бокс
3 сәуір 2017 16:26
 
Головкиннің командасы 17 шілде күні Астанада өтетін жекпе-жек туралы пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің командасы 17 шілде күні Астанада өтетін жекпе-жек туралы пікір білдірді © Мигель Салазар

Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің менеджері Олег Герман Vesti.kz порталының тілшісіне Астанада өтетін жекпе-жек туралы пікірін білдірді. 

Еске салайық, бүгін, 3 сәуір күні Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықбаев Головкинің бұл кездесуді өткізу үшін қол қойып қойғанын айтқан болатын. Оның айтуынша, жекпе-жек 17 шілде күні "Астана Арена" стадионында өтеді. Ал отандасымыздың қарсыласы британдық боксшы болады. Бірақ нақты кім екені белгісіз. 

"Қазіргі уақытта Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізетіні туралы нақты ешқандай ақпарат жоқ. Сондықтан да жекпе-жектің қашан, кіммен жұдырықтасатыны туралы айта алмаймыз. 

17 шілде деп айтылған күнге келетін болсақ, мен Головкиннің Астанада не үшін дүйсенбі күні жекпе-жек өткіеді деп айтқан адамдарды түсінбеймін. Қайталап айтайын, Генадийдің Қазақстанда жекпе-жек өткізеді деген мәселеге байланысты әлі ешқандай мәлімет жоқ. Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Егер қандай да бір мәлімет болса, GGG-дің командасы ресми түрде хабарлайды", - дейді ол. 

Жарнама

Живи спортом!