Головкиннің келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны ресми түрде бекітілді
Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) Головкиннің жекпе-жек өткізу туралы өтінішін қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) Головкиннің жекпе-жек өткізу туралы өтінішін қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
GGG Promotions бокс кеші 5 мамырда Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтеді. Головкиннің жекпе-жегі басты кездесу болады және оны НВО телеарнасы ақылы трансляция жүйесінде көрсетеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы кім болатыны әзірше белгісіз.
Головкиннің жекпе-жегі NSAC ресми сайтындағы алда болатын шаралардың күнтізбесінде пайда болды. Оның 5 мамырда MGM Grand аренасында өтетін жекпе-жегіне бұған дейін бокс статистикасының BoxRec сайты анонос берген болатын. Головкиннің командасы Невада штатының атлетикалық комиссиясына өтінішті сәуірдің басында жолдаған.
Бастапқыда Головкин 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы екінші жекпе-жегін өткізуді жоспарлаған болатын. Алайда Альварес екі допинг-тесттен өте алмай, жекпе-жектен ресми түрде бас тартты. Оның ісіне қатысты сот тыңдалымы 18 сәуірде өтеді - егер Альварес тыйым салынған заттың оған ет арқылы түскенін дәлелдей алмаса, ол дисквалификациялануы мүмкін.
Бұдан кейін Альварестің орнына Головкинмен мексикалық Хайме Мунгуйяның жұдырықтасуы мүмкін екені айтылды, алайда NSAC бұл жекпе-жекке рұқсат бермеді, себебі мексикалық 21 жастағы боксшының 12 раундтық жекпе-жекте жұдырықтасатын тәжірибесі жоқ және отанынан тыс бір рет қана кездесу өткізген.
Головкинмен 5 мамырда жұдырықтасқысы келетіндердің арасында америкалық Джермалл Чарло, Деметриус Андраде және Габриэль Росадо, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақта WBO чемпионы мексикалық Хильберто Рамирес және оның отандасы кіші-Чавес Хулио Сезар бар.
Головкин спорттың өзге түрінің өкілінен де ұсыныс алды. UFC жұлдызы америкалық Брайан Ортега бокс ережесімен Головкинмен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
Жарнама