Профи-бокс
23 маусым 2022 16:31
 
Головкиннің "Канелодан" бір басымдыға бары айтылды

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің "Канелодан" бір басымдыға бары айтылды ©HBO

World Boxing порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) арасындағы үшінші айқастан не күтетінін айтты. Әңгіме барысында ол Головкиннің қандай басымдығы бар екені туралы пікір білдірді. 

"Канелоға" тиесілі WBC, WBA, IBF және WBO белбеулері сарапқа салынатын бұл жекпе-жек 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында болады. 

"Жыл өткен сайын Головкиннің күші артпағаны анық. Ол бұрынғыдай мықты емес. Бірақ оның интеллекті мен ауыр соққысы бар. Оны Риото Муратаға қарсы кездесуде көрсетті. "Канело" болса бұл кездесудің фовариті. Бірақ Дмитрий Бивол оны қалай жеңуге болатынын көрсетті. Алайда бұл ешнәрсені өзгертпейді. Альварес - әлем боксының жұлдызы. Өз ісінің шебері. Головкин - аутсайдар. Осы дүние оның басты қаруы болуы керек. GGG күллі әлемді таңғалдырып, карьерасын аяқтауы мүмкін", - деді Джей. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!