Профи-бокс
13 сәуір 2018 18:11
 

Головкиннің жекпе-жегін қабылдауға Нью-Йорк қаласы да ниетті

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің жекпе-жегін қабылдауға Нью-Йорк қаласы да ниетті Геннадий Головкин. © cyberboxingzone.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін жерге бірден үш қала үміткер болып тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін жерге бірден үш қала үміткер болып тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін, Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында не Лос-Анджелес маңындағы Карсон қаласындағы  StubHub Center аренасында өтуі мүмкін екені айтылған. Енді осы тізімге Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасы қосылды. 

"Біз келесі жекпе-жекті өткізуге Лас-Вегастан, Карсондағы StubHub Center аренасынан және Madison Square Garden аренасына ұсыныс алдық", - деп жазады ESPN Deportes Головкиннің мүддесін қорғап жүрген Том Леффлер. 

"Мы получили предложения от Лас-Вегаса, StubHub Center и Madison Square Garden на этот бой", - цитирует ESPN Deportes промоутера Тома Леффера, который представляет интересы Головкина.

Осыған дейін, 5 мамырда Головкин MGM Grand аренасында мексикалық Хайме Мунгиеймен (28-0, 24 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар Головкиннің командасы ирландиялық Гэри О'Салливанның (27-2, 19 КО) кандидатурасында қарастырып отыр. 

4 сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5 мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды. Бұл баспасөз жиынын соң Головкин де өз пікірін айтып, қандай жағдай болмасын 5  мамырда шаршы алаңға шығатынын айтты.

WBC президенті "Канело" және басқа да кленбутерол дәруменімен ұсталған мексикалық боксшылардың жазасы әртүрлі болғанын түсіндірді.

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Сондай-ақ "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондерс те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.

17 және 20 ақпан күндері Альварестің Мексикада тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол дәрумені табылды. Мексикалық боксшының командасы бұл дәруменнің бұзылған ет арқылы түскенін айтып ақталуда.

Наурыз айында Альварес жаттығу лагерін Сан-Диегоға (АҚШ, Калифорния штаты) ауысытып, тағы үш допинг сынақ тапсырды. Олардың барлығы таза шықты. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) уақытша оны жекпе-жектерден шеттетті. Альварестің ісіне байланысты тыңдалып енді 18 сәуір күні өтеді. Егер боксшының кінәсі анықталса, ол бір жылға дейін шеттетілуі мүмкін.

WBC Головкинге келесі кездесуінде белбеуін қорғауға және ұйымның арнайы жасалған белбеуіне таласуға рұқсат берді.

4 сәуірде Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Альварес пен Головкин арасындағы екінші кездесу бәрібір де 2018 жылы өтетініне үмітті екенін айтты.

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді.

Жарнама

Живи спортом!