Профи-бокс
25 шілде 2017 14:44
 
Головкиннің дәуірі өтіп бара жатыр - сарапшы

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің дәуірі өтіп бара жатыр - сарапшы

Белгілі америкалық бокс шолушысы Дуглас фишер Ring TV сайтындағы өз айдарында қазақстандық Геннадий Головкин қаусап бара жатқанын жазған. 

"Головкин қайратынан айырылды дегенге қатысты, толық келіспеймін. Ол өзінің шыңынан асып өткен (ол 2013-2014 жылдары болған сияқты) және қазір атлетизм, техника, тактика және басқа тұрғыда өсіп жатқан жоқ. Ал өсім жоқ дегеніміз бен кері құлдырау бір емес. Оған Джейкобспен жұдырықтасу ауыр болды ма? Иә, ауыр болды. Бірақ Джейкобс орта салмақтағы мықтылардың екіншісі", - дейді Фишер. 

Мұның алдында сарапшы "Канелоға" Головкинді қалай жеңуге болатыны туралы айтқан. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

Жарнама

Живи спортом!