Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) бапкері Джонатан Бэнкс Тедди Атласқа берген сұқбатында қазақстандық боксшының Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы өтетін үшінші кездесудегі жоспарын айтты. Әңгіме барысында ол мексикалықты қалай тоқтатуға болатыны туралы да ой бөлісті, деп жазады Tofight.ru порталы.
"Канелоны" қалай тоқтатуға болады? Егер қарсылас джеб соққыларын көп жасайтын болса, онда сен екі есе көп джеб жасау керексің. Мұндай жағдайда ешкім қарсы шабуылға шыға алмайды. Алдағы айқаста Головкиннің джебі есе мықты әрі көп болатын болса, Альварес бұған қарсы ештеңе істей алмайды. Ол қолын көтеріп алға ұмтылады. Сол кезде GGG оны жақсы соққымен күтіп алады", - деді Бэнкс.
Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде болады.