Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинің (37-0-1, 33 КО) бапкері мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін реванштық кездесуде қандай тәсіл қолданатындарын айтты.
"Екінші жекпе-жектің бірінші раунды бірінші кездесудің жалғасы болады, 13-ші раунд болады. Геннадий басынан бастап шабуылға көшіп, оның ығырын шығаруға тырысады.
Меніңше бастапқы бірнеше раундты "Канелоға" беріп қойдық, бұлай істемеу керек еді. Жекпе-жектің екінші жартысында Альварес қашып жүрді, сол себепті оны ұстау қиындау болды, - деп жазады Boxingnews24.com Санчестің сөзін.
Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Жарнама