Профи-бокс
28 шілде 2017 09:14
 

Головкиннің бапкері Альваресті боқмұрын деп атады

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің бапкері Альваресті боқмұрын деп атады Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің қарсыласы - мексикалық Сауль Альварестің соққысы мықты дегенге күмән келтірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" - боқмұрын. Ол жылдам комбинация жасайды, бірақ Головкинді өзінен алшақ ұстау үшін шапалақ боп тиетін соққыларынан да артық күш жұмсауы қажет. "Канело" - мықты панчер емес, таяуда ол нағыз панчердің қандай болатынын біледі", - деп мәлімдеді Санчес Yahoo Sports басылымына берген сұхбатында.

Бапкер Головкиннің соңғы жекпе-жекте америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы бар күшін салып жұдырықтаспағанын айтып өтті. Санчестің айтуынша, бұған өз себептері де болған.

"Қалай ойлайсыздар, Головкин рингке көтеріліп, Джейкобсты соққының астына алса, қазір "Канеломен" жекпе-жек болар ма еді? Мен бұлай ойламаймын, сондықтан Оскар Де Ла Хойя (Альварестің промоутері - Авт.) 2018 жылы жұдырықтассын деумен болды. Геннадий Дэнниді нокаутқа түсірсе, бұл жекпе-жегіміз болмай қалар еді. Бұл күлкілі, бірақ Джейкобспен кездесу өткізгеннен кейін Альварестің командасы кенет бізбен жекпе-жек ұйымдастыру туралы айта бастады. Бұл кездейсоқтық дей алмаймын. Бұл орта салмақтағы чемпион мен қолдары жылдам баланың кездесуі. Головкин қашықтықты азайтса және таймингті түсінсе, ол "Канелоны" таптап тастайды деп ойлаймын", - деді Головкиннің бапкері.

Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

blog.share
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің қарсыласы - мексикалық Сауль Альварестің соққысы мықты дегенге күмән келтірді, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


"Канело" - боқмұрын.
Ол жылдам комбинация жасайды, бірақ Головкинді өзінен алшақ ұстау үшін шапалақ боп тиетін соққыларынан да артық күш жұмсауы қажет.
"Канело" - мықты панчер емес, таяуда ол нағыз панчердің қандай болатынын біледі", - деп мәлімдеді Санчес Yahoo Sports басылымына берген сұхбатында.


Бапкер Головкиннің соңғы жекпе-жекте америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы бар күшін салып жұдырықтаспағанын айтып өтті.
Санчестің айтуынша, бұған өз себептері де болған.


"Қалай ойлайсыздар, Головкин рингке көтеріліп, Джейкобсты соққының астына алса, қазір "Канеломен" жекпе-жек болар ма еді? Мен бұлай ойламаймын, сондықтан Оскар Де Ла Хойя (Альварестің промоутері - Авт.
) 2018 жылы жұдырықтассын деумен болды.
Геннадий Дэнниді нокаутқа түсірсе, бұл жекпе-жегіміз болмай қалар еді.
Бұл күлкілі, бірақ Джейкобспен кездесу өткізгеннен кейін Альварестің командасы кенет бізбен жекпе-жек ұйымдастыру туралы айта бастады.
Бұл кездейсоқтық дей алмаймын.
Бұл орта салмақтағы чемпион мен қолдары жылдам баланың кездесуі.
Головкин қашықтықты азайтса және таймингті түсінсе, ол "Канелоны" таптап тастайды деп ойлаймын", - деді Головкиннің бапкері.


Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.
Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен.
АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

Жарнама

Живи спортом!