Профи-бокс
26 ақпан 2018 13:58
 
Головкинмен жұдырықтасудан бас тартқан бұрынғы IBF чемпионы титулын қайтармақшы

  Пікірлер

blog.share

Головкинмен жұдырықтасудан бас тартқан бұрынғы IBF чемпионы титулын қайтармақшы © Alchetron

Бұрынғы әлем чемпионы аустралиялық Сэм Солиман (45-14, 19 KO) 2018 жылы көктемде шаршы алаңға қайтып оралады, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Жекпе-жек 17 наурызда 44 жастағы боксшының өз елінде, яғни Австралияның Мельбурн қаласындағы Melbourne Pavilion аренасында өтеді. Солиманның қарсыласы - өз отандасы Уэс Капер (19-2, 12 KO). Екеуінің жас айырмашылығы - 15 жас.

Бас жүлде - орта салмақтағы IBF International титулы.

Еске салайық, 2016 жылы Солиман Сергей Деревянченкодан ұтылып қалып, орта салмақтағы IBF белбеуінен айырылып қалған еді. Қазіргі уақытта бұл белбеу Головкиннің еншісінде.

2014 жылы Солиман Головкинмен жұдырықтасуға келіссөздер жүргізген еді, алайда кейінірек аустралиялық боксшы ол ойынан бас тартты.

Жарнама

Живи спортом!