Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) немесе мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке шығуға дайын екенін жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен Головкиннің командасы желтоқсанға дейін дайын болады деп ойламаймын. Мүмкін Головкинмен кездесетін де шығардым себебі оның жасы 36-ға келді. Мен Головкинмен жұдырықтасқым келеді, себебі ол әлі жеңілген жоқ. Оның жасы 36-да, егер қазір кездеспесем, ешқашан кездеспейміз. Мен оны жеңетініме сенімдімін. Мен көп күте алмаймын, себебі 31-ге келгенде бокстан кетуді жоспарлап отырмын.
Енді ақталуға жол жоқ: Головкин де Альварес те маған дайындал деді. Мен дайынмын, кім шақырса да мен дайынмын. Егер олар дивизиондағы чемпиондық титулды біріктіргісі келсе, ол менде", - деп жазады ESPN.com Сондерстің сөзін.
Сондерс қыркүйектің 16-нан 17-не қараған түні Лондонда төрешілердің біріңғай шешімімен 2015 жылы Головкин нокаутқа түсірген америкалық Вилли Монроны жеңді. Жекпе-жектен соң, ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс өз отандасы Амир Ханмен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтқан.

Жарнама