Жартылай ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Али Ахмедов (11-0, 8 КО) кәсіпқой бокстағы 12 раундтық кездесуінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Тамыздың 8-нен 9-на қараған түні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Голливудта өтетін Hollywood Fight Nights 2 бокс кешінде 22 жастағы Ахмедов 33 жастағы жергілікті Хорхе Эскалантеге (9-1-1, 6 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.
Жекпе-жекке бір күн қалғанда Ахмедовтың салмағы 176,6 фунт (79,83 келі), ал Эскаланте қазақстандық боксшыдан жеті келі асып түсті - 190,6 фунт (86,45 келі).
Айта кетейік, бұл кедесуге Ахмедов Big Bear лагерінде өз отандасы WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) бірге жаттығу жасады.
Ахмедов шаршы алаңға 2016 жылы мамырда шыққан еді, ол бастапқы төрт кездесуін Қазақстанда өткізді. Ол Еуропада, яғни Польшада екі кездесу өткізді. Бір жыл бұрын Ахмедов АҚШ-ты бағындыруға кетті, ол жастар арасындағы WBC белбеуін ұтты, кейінірек NABF Junior тұжырымы бойынша чемпион атанды.
Ахмедовтың соңғы жекпе-жегі 30 желтоқсанда Алматыда өтті, ол әзірбайжандық Исмат Эйнуллаевты мерзімінен бұрын жеңді.

Жарнама