Профи-бокс
31 наурыз 2018 10:22
 
Головкинмен 5 мамырда кім жұдырықтасуы мүмкін?

  Пікірлер

blog.share

Головкинмен 5 мамырда кім жұдырықтасуы мүмкін? Хайме Мунгуйя. © rotativo.com.mx

Биыл 5 мамырға белгіленген Головкин мен Альварестің реваншы өтпей қалған жағдайда қазақстандық боксшының кіммен жұдырықтасуы мүмкін екені анықталды. ESPN инсайдері Дэн Рафаэльге сілтеме жасаған vRINGe.com сайтының мәліметтері бойынша, Головкинмен мексикалық 21 жастағы Хайме Мунгуйя жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлады Vesti.kz.

Альварес 17 және 20 ақпанда тапсырылған допинг-тесттен өте алмады және кеше оның ісіне қатысты шешімді 18 сәуірде Невада штатының Атлетикалық комиссиясының шығаратыны белгілі болды, бұл шешім арқылы реванштың өтетіні не өтпейтіні анықталады. Жекпе-жектің белгіленген уақытының таяп қалғанын ескерген Головкиннің командасы басқа қарсыласты іздестіріп жатыр.

Дәл қазір Мунгуйя туралы айтатын ешнәрсе жоқ, ол орта салмақтағылармен және джорнимендермен жұдырықтасқан, отаны Мексикадан тыс бір рет қана жекпе-жек өткізген.

Айта кетейік, қазақстандық боксшының командасы Хаймеден басқа Гэри О’Салливанның кандидатурасын да қарастырып жатыр. Бұларға қарағанда рейтингілері әлдеқайда жоғары Деметриус Андраде мен Сергей Деревянченко 5 мамырда Головкинмен жұдырықтасуға ниетті екендерін жеткізді.

Жарнама

Живи спортом!