Кәсіпқой бокс
5 сәуір 2018 19:05
 
Головкинге қарсылас табу қиын болады - НВО шолушысы

  Пікірлер

blog.share

Головкинге қарсылас табу қиын болады - НВО шолушысы © Eurosport

HBO теларнасының шолушысы Рикардо Селис Vesti.kz порталына берген сұхбатында Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) 5 мамырда мексикалық Сауль "Канело" Альварестің орнына қарсылас табу қиын болатынын айтады.

4 сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5 мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды. Бұл баспасөз жиынын соң Головкин де өз пікірін айтып, қандай жағдай болмасын 5  мамырда шаршы алаңға шығатынын айтты.

"Головкин мен Альварестің қарсыласуы қате болмады. Бұлар қазіргі уақыттағы бокс әлеміндегі ең танымал есімдер. Олардың екінші жекпе-жегі болмайтын өкінішті. GGG "Канелосыз" қиын болады. Енді оған жақсы бір қарсылас табу керек. Бұл оңай шаруа емес. Мексикалықтың орнына тек Билли Джо Сондерс жарайды, алайда ұлыбританиялық боксшы қолының жарақатына байланысты шаршы алаңға шыға алмайды", - дейді Селис.

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Сондай-ақ "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондерс те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.

17 және 20 ақпан күндері Альварестің Мексикада тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол дәрумені табылды. Мексикалық боксшының командасы бұл дәруменнің бұзылған ет арқылы түскенін айтып ақталуда.

Наурыз айында Альварес жаттығу лагерін Сан-Диегоға (АҚШ, Калифорния штаты) ауысытып, тағы үш допинг сынақ тапсырды. Олардың барлығы таза шықты. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) уақытша оны жекпе-жектерден шеттетті. Альварестің ісіне байланысты тыңдалып енді 18 сәуір күні өтеді. Егер боксшының кінәсі анықталса, ол бір жылға дейін шеттетілуі мүмкін.

4 сәуірде Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Альварес пен Головкин арасындағы екінші кездесу бәрібір де 2018 жылы өтетініне үмітті екенін айтты.

Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу 16-қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді.

Жарнама

Живи спортом!