Профи-бокс
24 қараша 2017 11:50
 
Головкинге екінші орта салмаққа ауысыдуың қажеті жоқ

  Пікірлер

blog.share

Головкинге екінші орта салмаққа ауысыдуың қажеті жоқ © SYL.ru

Геннадий Головкинің ауыр салмақ дәрежесіне ауысатыны туралы біраздан бері айтылып жүр. Бұл бірінші кезекте жақсы қарсыласпен жұдырықтасуға мүмкін үшін жасаламақ еді. GGG екінші орта салмаққа ауыспақ болған, алайда, дәл қазір бұлай етпеу керектігі нақты белгілі. Неге екенін Vesti.kz сайтының материалынан оқыңыздар. 

Қазақстандықпен орта салмақтағы әрбір боксшының жұдырықастқысы келетінін белгілі. Тек бұл әлеуметтік желіде ғана жүрге ду-ду сөз еді - шындығында ешкім нақты қадамға бара қоймады. Мұндай жағдай Головкинді тығырыққа тіреді. Спорттық мансабыңды жалғастыру керек, бірақ, кім көрінгенмен жұдырықтасу пайда әкелмейтін іс. 

Ол кезде салмақ ауыстыру мансап жолын ары қарай өрлетудің амалы ретінде қарастырылған. Хильберто Рамирес сияқты лайықты қарсылас та табылды. Онымен әдемі жекпе-жек ұйымдастырып, жақсы табыс табуға да болатын. 

Оның промоутері Боп Арум да бұған қарсы емес еді. Командалар арасында келіссөздер де жүрген болуы мүмкін. Рамирес болашақта бокс жұлдызы болу керек болатын. 

Дегенмен, Головкиннің салмақ дәрежесін ауыстырмағаны жөн болды. Оның үстіне қазіргі салмағында алынбаған жалғызақ WBO белбеуі ғана қалды. Өзге мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қарсыласудың тарихы басталды және ол бүгінгі күнгі екінші орта салмақтағы кез келген жекпе-жектен асып түсіп отыр. 

Алайда шетелде Головкиннің басқа салмаққа ауысу жоспары туралы қайтадан сұрап жатыр. Мұндай сұраақ қазақстандық пен "Канелоның" қарымта кездесуіне қатысты келіссөздердің тұрып қалуына байланысты туындады. 

Қалай болғанда да дәл қазір салмақ ауыстырудың еш мәні жоқ. Келіссөздердің созылып кетуі жекпе-жек мүлде болмайды деген сөз емес. Қарымта кездесуі өтетінін анық. Оның үстіне екінші жекпе-жекке Альварес белбеумен келуі мүмкін. егер Давид Лемье британиялық Билли Джо Сондерстің WBO белбеуін тартып алса, Golden Boy Лемье мен Альварес арасында жекпе-жек өткізеді. 

Ал екінші орта салмақта өздерінің арасында талас жүріп жатыр. Былайша айтқанда қазір Головкиннің онда баруы орынсыз. Күзде Бүкіләлемдік бокс суперсериясы басталып, онда дивизионның барлық мықты боксшылары Крис Юбенк-младший, Джордж Гроувз, Каллум Смит та жұдырықтасады. Олармен жекпе-жек қызықты өтер еді, дегенмен, ол үшін уақыт қажет болады. 

Жалпы айтқанда салмақ дәрежесін ауыстыруға қазір ешқандай себеп жоқ. Орта салмақтағы істерді аяқтаған тиімдірек. Сосын ғана тәжірибе жасап көруге болады. 26 жастағы Рамирес күте алары анық. 

Оның үстіне 160 фунт салмақ қазір "қайнап" тұр. Үлкен шоу жасай алатын жаңа боксшылар келіп жатыр. 

Жарнама

Живи спортом!