Профи-бокс
21 қыркүйек 2017 10:40
 
Головкинге алдағы жекпе-жекке бес қарсылас ұсынылды

  Пікірлер

blog.share

Головкинге алдағы жекпе-жекке бес қарсылас ұсынылды Геннадий Головкин. © Erik Verduzco/ Las Vegas Review-Journal

Boxing News And Views сайты орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) келесі жекпе-жекке бес қарсылас ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші үміткер - орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерсом (25-0, 12 КО). Ұлыбританиялық боксшы Головкинге желтоқсанда жекпе-жек өткізуге шақырып үлгерді. Головкинге орта салмақта толықтай чемпион атану үшін дәл осы ұлыбританиялықтың белбеуі жетіспей тұр. 

Екінші үміткер - америкалық Джермалла Чарло (26-0, 20 КО). WBC тұжырымы бойынша міндетті жекпе-жек.

Үшінші үміткер - украиналық Сергей Деревянченко (11-0, 9 КО). IBF тұжырымы бойынша міндетті жекпе-жек.

Төртінші үміткер - пуэрторикалық Мигель Котто (41-5, 33 КО). Ол желтоқсанда соңғы жекпе-жек өткізіп, кәсіпқой бокстан кететіні туралы айтқан еді. Сонымен қатар ол Головкин - Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуді сұраған еді. 

Бесінші үміткер - Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО). Головкин мамырға дейін күтіп, мексикалықпен реванш өткізуі мүмкін. 

Айта кетейік, Головкин - Альварес арасында Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Жарнама

Живи спортом!