Профи-бокс
30 шілде 2018 10:45
 
Головкинді ұрып жыққаннан кейін, допинг жайлы ешкім де есіне түсірмейтін болады - "Канело"

  Пікірлер

blog.share

Головкинді ұрып жыққаннан кейін, допинг жайлы ешкім де есіне түсірмейтін болады - "Канело" Сауль "Канело" Альварес. © reviewjournal.com

Екі салмақ дәрежесінде бокстан бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) 2018 жылы 15 қыркүйекте жеңгеннен кейін допинг жайлы әңгімелердің тоқтайтынына сенімді. 

Биыл ақпанда мексикалық боксшы допинг сынамасын тапсырып, екі рет оның қан құрамынан кленбутерол препараты табылған еді. Оның командасы бұзылған еттің себебінен осындай жағдайға душар болдық деп ақталды. Альварес 5 мамырға белгіленген жекпе-жектен бас тартып, бокстан алты айға шеттелді.

"Комиссия не болғанын біледі. Олар менің әдейі істемегенімді біледі, сол себепті мені аз уақытқа ғана жазалады. Олар білді, - деді Альварес Las Vegas Review-Journal басылымына берген сұхбатында. - 15 қыркүйекте мен оны (Головкинді) жеңгеннен кейін допингпен ұсталғаным жайлы айтпайтын болады". 

Осыған дейін "Канело" Головкинмен 5 мамырда өтуі тиіс екінші жекпе-жек алдында допингпен ұсталуына кімнің кінәлі екенін айтқан еді. Осы жағдайдан кейін мексикалық боксшы мүлдем ет жемейтінін айтқан еді. 

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Осыдан бір жыл бұрын қос боксшы осы аренада кездесіп, өзара мықтыны анықтай алмаған еді.

Жарнама

Живи спортом!