Профи-бокс
27 шілде 2017 12:26
 

Головкинді жеңетін боксшы жоқ - Проводников

  Пікірлер

blog.share

Головкинді жеңетін боксшы жоқ  - Проводников ©AKBoxing.ru

Бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Руслан Проводников 16 қыркүйекте өтетін қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Allboxing.ru.

"Бұл қызықты және бокс әлеміне керек жекпе-жек сияқты. Әлемдік жұлдыз "Канело" және менің ойымша, қазіргі кезде ең мықты боксшының жекпе-жегі. Болжам - бұл қажетсіз дүние, мен ондайға қарсымын, оның үстіне бұл боксқа қатысты болса. Дегенмен Гена мексикалықтан барлық жағынан басым сияқты. Мүмкін жылдамдық жағынан кем болар. Жекпе-жектің қорытындысы "Канелоның" қаншалықты мықты, Генаның шабуылдарына қаншалықты төтеп бере алатынына байланысты. Өйткені ол соққылардан жақсы қорғана алмайды. Дегенмен ештеңеге таңдануға болмайды. Өзімнің тәжірибемде бар - мықты деген жігіттер менен бір-екі соққы алғаннан кейін ақсақтап қалады. Мен әрдайым айтатынынм - жекпе-жек бәрін көрсетеді, дегенмен, мен Генаға сенемін! Барлығына сәттілік!", - дейді Проводников.

Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

blog.share
Бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Руслан Проводников 16 қыркүйекте өтетін қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды
ru/news/20170726-1426/provodnikov-ne-rodilsya-tot-bokser-kotoryy-smozhet-pobit-golovkina">Allboxing.
ru
.


"Бұл қызықты және бокс әлеміне керек жекпе-жек сияқты.
Әлемдік жұлдыз "Канело" және менің ойымша, қазіргі кезде ең мықты боксшының жекпе-жегі.
Болжам - бұл қажетсіз дүние, мен ондайға қарсымын, оның үстіне бұл боксқа қатысты болса.
Дегенмен Гена мексикалықтан барлық жағынан басым сияқты.
Мүмкін жылдамдық жағынан кем болар.
Жекпе-жектің қорытындысы "Канелоның" қаншалықты мықты, Генаның шабуылдарына қаншалықты төтеп бере алатынына байланысты.
Өйткені ол соққылардан жақсы қорғана алмайды.
Дегенмен ештеңеге таңдануға болмайды.
Өзімнің тәжірибемде бар - мықты деген жігіттер менен бір-екі соққы алғаннан кейін ақсақтап қалады.
Мен әрдайым айтатынынм - жекпе-жек бәрін көрсетеді, дегенмен, мен Генаға сенемін! Барлығына сәттілік!", - дейді Проводников.


Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.
Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен.
АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

Жарнама

Живи спортом!