Кәсіпқой бокс
5 қаңтар 2018 11:21
 
Головкинді жекпе-жекке шақырған Сондерс жаттығуға кірісіп кетті

  Пікірлер

blog.share

Головкинді жекпе-жекке шақырған Сондерс жаттығуға кірісіп кетті ©: independent.co.uk

Орта салмақта WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Британдық боксшы жаттығу залына екі апта бұрын келген екен. Еске салайық, Сондерс өзінің соңғы кездесуін 16 желтоқсан күні Канадада жергілікті Давид Лемьеге 38-4, 33 КО) қарсы өткізіп, жеңіске жеткен еді. Бұл жеңістен кейін ол шаршы алаңда тұын Головкинді жекпе-жекке шақырды. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта орта салмақтағы барлық белбеуді біріктіруге Головкинге осы Сондерске тиесілі WBO белбеуі жетіспей тұр. Қазақстандық боксшының командасы 2016 жылы Сондреспен жекпе-жек өткізу үшін келіссөз жүргізген. Кейін 2017 жылы да жекпе-жек өтеді деген әңгіме шыққан еді. Бірақ боксшылардың командасы сол күйі келісімге келе алмады. 

Жарнама

Живи спортом!