Профи-бокс
23 қазан 2017 10:48
 
Головкинді жекпе-жекке шақырған Андраде орта салмаққа не үшін ауысты?

  Пікірлер

blog.share

Головкинді жекпе-жекке шақырған Андраде орта салмаққа не үшін ауысты? Деметриус Андраде. Сурет: HBO Boxing

Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татпаған Деметриус Андраде (25-0, 16 KO) бірінші орта салмақтағы WBA белбеуінен бас тартып, орта салмаққа ауысты. Бұл туралы Boxingnews24.com порталы хабарлайды. 

Орта салмақтағы бірінші кездесуін 29 жастағы Андраде өткен аптаның соңында Нью-Йорк (АҚШ) қаласындағы НВО арнасының "Boxing After Dark" бокс кешінде өткізді. Оның қарсыласы 25 жастағы жеңілмеген америкалық боксшы Алантес Фокс болды. Жекпе-жек 12 раундқа жалғасып, кездесудің қорытындысы бойынша 118-109, 118-110 және 116-111 есебімен Андраде жеңіске жетті. 

Boxingnews24.com порталының тілшісі Эрик Томастің пікірінше Андраде орта салмаққа көп ақша табу үшін ауысқан екен. 

"Андреде WBA белбеуінен 160 фунтта көп ақша табу үшін ауысты. Егер ол алдағы уақытта мықты боксшылардың бірімен жекпе-жек өткізетін болса, қыруар ақша табуы ықтимал. 

Дэнни Джейкобс секілді Андраде де НВО арнасымен келісімшарты бар. Бұл оған Сауль "Канело" Альварес және Геннадий GGG Головкин секілді боксшылармен кездесу өткізуге мүмкіндігі көбейеді. Бірақ ол үшін Андраде бұл боксшылармен кездесу үшін алдымен осы салмақтағы басқа мықты боксшылармен дәлелдеуі керек. 

Шындығына келгенде  Андраде Фокспен өткізген кездесуде керемет мықты болды дей алмаймын. Мен оның орта салмақтта Головкин, "Канело", Чарло, Джейкобс, Деревянченко секілді боксшыларды жеңу үшін өтті деп ойламаймын. Ол тек ақша табу үшін өтті", - дейді автор. 

Еске салайық, қазан айының ортасында Андраде Головкинді (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекке шақырған болатын. 

Жарнама

Живи спортом!