Профи-бокс
13 қараша 2017 12:25
 
Головкин WBC нұсқасы бойынша 2017 жылғы әлемнің үздік боксшысы атануға үміткер

  Пікірлер

blog.share

Головкин WBC нұсқасы бойынша 2017 жылғы әлемнің үздік боксшысы атануға үміткер Сурет WBC кеңесінің Твиттерінен алынды

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы атануға үміткерлерді қатарына қосылды. 

Бұл туралы кеңестің ресми твиттері хабарлап отыр. Жалпы 2017 жылдың үздік боксшысы атануға алты боксшы үміткер. Олар - Геннадий Головкин (Қазақстан), Сор Рунгвисай (Тайланд), Майки Гарсия, Теренс Кроуфорд, Джермалл Чарло және Деонтей Уайлдер (барлығы АҚШ). 

Жуық арада Бүкіләлемдік бокс кеңесінің ресми сайтында үздік боксшыны анықтауға байланысты дауыс беру басталады. 

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткізіп, 12 раунд жұдырықтасты. Кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер тең нәтижені тіркеді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі белбеулерін сақтап қалды. Олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. Қазір бұл туралы екі боксшының командалары келіссөз жүргізіп жатыр.

Жарнама

Живи спортом!