Профи-бокс
2 қазан 2017 17:40
 
Головкин WBC белбеуін міндетті қарсыласына қарсы кейін де қорғай алады - Маурисио Сулейман

  Пікірлер

blog.share

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) өзіне тиесілі WBC белбеуін кейінірек қорғай алатынын айтты. 

Қазақстандық боксшының WBC белбеуіне міндетті қарсыласы болып америкалық Джермалл Чарло (26-0, 20 КО) тағайындалған еді. Ал Головкиннің командасы қазірдің өзінде мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы екінші кездесу өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. 

"Сәрсенбің күні біз Головкин мен Чарлоның командаларының ұсыныстарын тыңдаймыз. Содан соң екі тарапқа да оңтайлы шешім шығарамыз. Том Леффлер (Головкиннің промоутері) әзірге бізге бұл жекпе-жекті кейінге қалдыру үшін өтініш жасаған жоқ. Бірақ ол алдағы уақытта бізге мұны айтады", - деп келтіреді Сулейменнің сөзін BoxingScene.com порталы. 

Еске салайық, бұған дейін WBC президенті Чарло мен Головкиннің командаларының ұсынысын қабылдағаннан кейін Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесуді асыға күтіп жүрген жанкүйерлердің де пікірлерін назарға алатынын айтты. 

Жарнама

Живи спортом!