Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өз жанкүйерлері үшін жүз шақты былғары қолғапқа қолтаңбасын қалдырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
TMZ мәліметінше, қолғаптарды Головкин мен Альварес жекпе-жегіне "Платиналық жинақ" билетін алғандар иеленеді. Бір билеттің құны - 7 600 доллар, екі билеттің құны - 14 000 доллар.
"Платиналық пакет" ішінде "Канелоның" қолтаңбасы қойылған қолғап болады және қонақ үйден бір номер және әуежайдан лимузинмен жеткізеді.
Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама