Профи-бокс
4 қараша 2017 15:34
 
Головкин табысты боксшылардың P4P рейтингінде екінші орынға түсіп қалды

  Пікірлер

blog.share

Головкин табысты боксшылардың P4P рейтингінде екінші орынға түсіп қалды © vk.com/ggolovkin

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Elite Sports NY нұсқасы бойынша Pound-For-Pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде ең табысты боксшылар тізімінде екінші орынға жайғасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші орынға Теренс Кроуфорд көтерілді, ал қазақстандық боксшының басты қарсыласы Сауль "Канело" Альварес үшінші орынға табан тіреді. 

1. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО).
2. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО).
3. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО).
4. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО).
5. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО).
6. Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО).
7. Майки Гарсия (37-0, 30 КО).
8. Кит Турман (28-0, 22 КО).
9. Эррол Спенс (22-0, 19 КО).
10. Дэнни Гарсия (33-1, 19 КО).

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Жарнама

Живи спортом!