Головкин міндетті жекпе-жегінің уақытын тағы шегеруді сұрады
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, боксшы Халықаралық бокс федерациясынан (IBF) шешімін қайта қарауды сұрап отыр - ұйымдағылар титулды қорғау үшін міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жегін 2018 жылдың 3 тамызына дейін өкізуді талап етіп отыр. Жекпе-жек өтпей қалса, Головкин IBF титулынан айырылады, деп хабарлады Vesti.kz порталы vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұған дейін Головкин міндетті жекпе-жегінің уақытын кейінге шегеріп, 5 мамырда Ванес Мартиросянмен жұдырықтасты. Головкин мен Мартиросян кездесуі бәсекелі болған жоқ - чемпион қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.
IBF ережесі бойынша, міндетті кездесудің уақытын екі рет шегеруге болмайды, ал ұйымның өзі (WBC және WBA ұйымдарындағы әріптестеріне қарағанда) қатаң түрде жарғы бойынша жұмыс істейді.
Айта кетейік, Головкин Деревянченкомен жекпе-жек өткізудің орнына қаржылай тиімді реванш, мексикалық Сауль Альвареспен кездесу өткізбекші. Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі 2017 жылы қыркүйекте өтті және екеуі де тең түсті.
Жарнама