Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) арасындағы кездесудің билеттері қанша тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Жекпе-жек 5 мамыр күні орта салмақта Лос-Анджелес (Калифорния штаты) қаласының маңындағы Карсон қаласындағы StubHub Center спорт кешешінде өтеді. Бұл спорт кешені жекпе-жек кезінде тоғыз мың жанкүйерді сыйдыра алады. Дәл осы спорт кешенінде Головкин 2014 жылы мексикалық Антонио Рубиомен кездескен болатын. Ол кезде StubHub спорт кешеніне 9 323 билет сатылған. Бұл спорт кешеніне жанкүйерлержің жиналуы бойынша рекордқа ие болған еді.
Головкин - Мартиросян жекпе-жегіне билеттерді қайдан алуға болады?
Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесудің ең арзан билеттері 53 доллар тұрады екен. Ал ең қымбат билеттің құны - 767 доллар. Ең қымбат билеттер рингсайдқа арналған.
Әлемнің абсолютті чемпионы Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсетеді
Еске салайық, бұл кездесуде Головкин WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін қорғайды. Бірақ ұйыммен келісімге байланысты IBF белбеуі сарапқа салынбайды.

Жарнама