Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жекке дейінгі баспасөз жиындары өтетін қалалардың тізімі белгілі болды.
UCNLive.com порталының тілшісі Стив Кимнің мәліметі бойынша, пресс-тур 19 маусым күні Англияның астанасы Лондон қаласынан басталып, Мехико, Лос-Анджелесе және Нью-Йорк қалаларында жалғасады.
Еске салайық, Головкин - Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні өтеді. Қазіргі уақытта бүл кездесуді қабылдауға АҚШ, Ұлыбритания, Мексика және БАӘ елдері қабылдауға ұсыныс білдіріп отыр. Жекпе-жекте Головкиннің WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық белбеулері ортаға салынатын болса, Альварес The Ring журналының арнайы чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Жарнама