Ұлыбританиялық MMAPlus.uk спорт сайтының журналисі Бен Смит орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесуде нақты ештеңе шешілмейтінін айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ашық айтқанда, Головкин мен "Канело" арасындағы теке-тірес трилогияға ұласады. Екінші жекпе-жекте ауыр нокаут болмаса, бізді үшінші кездесу күтіп тұр. Екеуі де елеулі қарсылас. Олардың жекпе-жегі бәсекеге толы болары сөзсіз. Төрешілер мықтыны анықтайды, алайда жеңілген мұны мойындамайды. Жанкүйерлер де реакция береді. Бұдан ары қарай дау шығып, үшінші жекпе-жек өткізу туралы шешім шығарылады. Бұл қосымша қаражат табуға жақсы мүмкіндік", - дейді Смит.
Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

Жарнама