Кәсіпқой бокс
26 маусым 2017 16:01
 
Головкин мен "Канело" кездесуі трилогияға ұласуы керек - Оскар Де Ла Хойя

  Пікірлер

blog.share

Головкин мен "Канело" кездесуі трилогияға ұласуы керек - Оскар Де Ла Хойя ©vk.com/ggolovkin

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) жұмыстарымен айналысатын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) командасымен келіссөздерді қалай өткізгенін айтып берді. 

"Келіссөз аса қиын болған жоқ. Тек кейбір детальдарға келген кезде біраз уақыт керек болды. Сонымен қатар жекпе-жектің қай салмақта өтетінін де ұзақ шештік. Біз "Канелоның" орта дивизионға түскенін күттік. Сосын қолайлы уақытты да таңдадық. Головкин қазір нағыз бабында. "Канелоның" да деңгейі жоғары. Кім біледі, мүмкін кейін тағы бір кездесу өткізетін шығармыз. Менің ойымша, тіпті бұл кездесу трилогияға ұласу керек. Бұл кездесудің маңыздылығы Мұхаммед Әли мен Джо Фрейзер және Марко Антонио Баррера мен Эрик Моралес арасындағы жекпе-жек секілді болады", - дейді Де Ла Хойя iFLV TV арнасына берген сұқатында. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде GGG орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды. Алайда, "Канело" алдағы кездесуде WBC белбеуіне таласпайтынын айтты. Өйткені, мексикалық боксшы бұл ұйымның басшыларымен сөзге келіп қалған.

Кездесуді АҚШ жерінде HBO арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. Головкин PPV жүйесі бойынша өзінің үшінші кездесуін өткізеді.

Жарнама

Живи спортом!