Профи-бокс
8 маусым 2017 11:39
 

Головкин мен "Канело" қай боксшылармен кездесуден "қорқады"?

  Пікірлер

blog.share

Головкин мен "Канело" қай боксшылармен кездесуден "қорқады"?

Fighthype.com порталы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) орта салмақта өнер көрсететін бірнеше боксшымен кездесуден қашып жүр деп жазады?

Порталдың мәліметі бойынша Головкин мен "Канело" Джермалл Чарло (25-0, 19 КО), Эрисланди Лара (24-2-2, 14 КО) және Деметриус Андраде (24-0, 16 КО) секілді боксшылармен жұдырықтасуға "қорқып", олардан қашып жүр-мыс. 

"Джермалл Чарло қазіргі уақытта 160 фунтқа ауысты. Алдағы уақытта Лара мен Андраде де бұл салмаққа ауысуға дайын. Бұл боксшылардың барлығы да өз мүмкіндіктерін күтіп, жыл соңына дейін Головкин мен Альварес арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездесуге дайын. Олардың барлығы да өте талантты боксшылар. Бірақ қазіргі уақытта Головкин де, Альварес те бұл боксшылармен кездескісі келмейді. Кездесуден бас тартудың бір себебі, сыйақы болса, екіншісі Головин мен "Канелоның" бұл боксшылардан "қорқып" жүргені", - деп жазады Fighthype.com порталы. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні 20 мың жанкүйерге арналған Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді. Бұл спорт кешенінде мексикалық боксшы екі рет жекпе-жек өткізсе, қазақстандық боксшы бірінші рет жұдырықтасады.

Жекпе-жекте Головкинге тиесілі төрт чемпиондық белбеудің барлығы ортаға салынады. Ал "Канело" болса The Ring журналының арнайы белбеуін қояды. HBO телеарнасы кездесуді ақылы жүйе бойынша (PPV) тікелей эфирде көрсетеді.


blog.share
Fighthype.com порталы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық
Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) орта салмақта өнер көрсететін бірнеше боксшымен кездесуден қашып жүр деп жазады?

Порталдың мәліметі бойынша Головкин мен "Канело" Джермалл Чарло (25-0, 19 КО), Эрисланди Лара (24-2-2, 14 КО) және Деметриус Андраде (24-0, 16 КО) секілді боксшылармен жұдырықтасуға "қорқып", олардан қашып жүр-мыс. 

"Джермалл Чарло қазіргі уақытта 160 фунтқа ауысты. Алдағы уақытта Лара мен Андраде де бұл салмаққа ауысуға дайын. Бұл боксшылардың барлығы да өз мүмкіндіктерін күтіп, жыл соңына дейін Головкин мен Альварес арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездесуге дайын. Олардың барлығы да өте талантты боксшылар. Бірақ қазіргі уақытта Головкин де, Альварес те бұл боксшылармен кездескісі келмейді. Кездесуден бас тартудың бір себебі, сыйақы болса, екіншісі Головин мен "Канелоның" бұл боксшылардан "қорқып" жүргені", - деп жазады Fighthype.com порталы. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні 20 мың жанкүйерге арналған Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді. Бұл спорт кешенінде мексикалық боксшы екі рет жекпе-жек өткізсе, қазақстандық боксшы бірінші рет жұдырықтасады.

Жекпе-жекте Головкинге тиесілі төрт чемпиондық белбеудің барлығы ортаға салынады. Ал "Канело" болса The Ring журналының арнайы белбеуін қояды. HBO телеарнасы кездесуді ақылы жүйе бойынша (PPV) тікелей эфирде көрсетеді.


Жарнама

Живи спортом!