Профи-бокс
30 қаңтар 2018 10:20
 

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің қашан басталатыны белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің қашан басталатыны белгілі болды ©: reviewjournal.com

2018 жылдың 5 мамырында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) қатысуымен өтетін бокс кешінің нешеде басталатыны белгілі болды. 

BoxingScene.com порталының мәліметі бойынша, бұл бокс кешіндегі НВО арнасы тікелей эфирде көрсететін кездесулер Солтүстік Америка уақыты бойынша 20:00-де басталады. Ал Астана уақыты бойынша 6 мамыр таңғы 07:00-де көрсетіледі. 

Жекпе-жектің өтетін жері әлі белгісіз. Кездесуді қабылдауға Лас-Вегас (T-Mobile Arena) және Нью-Йорк (Madison Square Garden) басты үміткер. Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, бұл сұрақ алдағы екі-үш аптада шешіледі. 

Алдағы кездесуде Головкин өзінің барлық чемпиондық белбеулерін ортаға тастаса, Альварес The Ring журналының чемпиондық белбеуін ортаға қояды. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу өткен жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы барлық чемпиондық атақтарын сақтап қалды. 








blog.share
2018
жылдың
5
мамырында
орта
салмақтағы WBA
(Super),
IBO,
WBC
және
IBF
тұжырымдары
бойынша
әлем
чемпионы
қазақстандық
Геннадий
Головкин (37-0-1,
33
КО)
мен
мексикалық
Сауль
"Канело"
Альварестің
(49-1-2,
34
КО)
қатысуымен
өтетін
бокс
кешінің
нешеде
басталатыны
белгілі
болды. 
/>
/> BoxingScene.com
порталының
мәліметі
бойынша,
бұл
бокс
кешіндегі
НВО
арнасы
тікелей
эфирде
көрсететін
кездесулер
Солтүстік
Америка
уақыты
бойынша
20:00-де
басталады.
Ал
Астана
уақыты
бойынша
6
мамыр
таңғы
07:00-де
көрсетіледі. 
/>
/> Жекпе-жектің
өтетін
жері
әлі
белгісіз.
Кездесуді
қабылдауға Лас-Вегас
(T-Mobile
Arena)
және
Нью-Йорк
(Madison
Square
Garden)
басты
үміткер.
Головкиннің
промоутері
Том
Леффлердің
айтуынша,
бұл
сұрақ
алдағы
екі-үш
аптада
шешіледі. 
/>
/> Алдағы
кездесуде
Головкин
өзінің
барлық
чемпиондық
белбеулерін
ортаға
тастаса,
Альварес The
Ring
журналының
чемпиондық
белбеуін
ортаға
қояды. 
/>
/> Еске
салайық,
Головкин
мен
Альварес
арасындағы
бірінші
кездесу
өткен
жылдың
16
қыркүйегінде
Лас-Вегаста
өтіп,
тең
аяқталды.
Осылайша
қазақстандық
боксшы
барлық
чемпиондық
атақтарын
сақтап
қалды. 
/>
/>
/>
/>
/>
/>
/>
/>
/>
Головкин Геннадий Сауль "Канело" Альварес Головкин - Альварес Кәсіпқой бокс

Жарнама

Живи спортом!