Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесудің билеттері келесі аптада сатылымға шығады, деп хабарлайды ESPN Deportes басылымы.
5 мамыр күні өтуі керек болған жекпе-жекке билет алған көптеген жанкүйерлер билеттерін кері қайтармаған. Өйткені, олардың барлығы да екінші кездесудің өтетініне сенімді болған. Сондықтан ұйымдастырушылар билеттердің құнын көтермеген.
Екінші кездесудің билеттерінің құны бұрынғыдай: 300, 500, 700, 800, 1500, 2500 және 5000 доллар.
Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты) T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді. Негізі бұл боксшылар арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні өтуі керек еді. Бірақ кездесуді мексикалық боксшының допингіне байланысты өтпейтін болып, Альварес бокстан бірнеше айға шеттетілді. Енді оның жаза мерзімі тамыз айында аяқталады.

Жарнама