Кәсіпқой бокс
16 тамыз 2018 09:40
 

Головкин мен Альварес реванш алдында ашық жатқызу өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Головкин мен Альварес реванш алдында ашық жатқызу өткізеді Геннадий Головкин. © boxingscene.com

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесу алдында ашық жаттығулар өткізіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Golden Boy Promotions компаниясының промоутері Оскар де ла Хойя мәлімдеі. Оның айтуынша, БАҚ және бокс сүйер қауым үшін 26 тамызда АҚШ-тағы Banc of California стадионында ("Лос-Анджелес" футбол клубының аренасы болып саналады) ашық жаттығулар өтеді. 

Осыған дейін Головкин мен Альварес жекпе-жекке екі апта қалғанға дейін қандайда бір кездесулер ұйымдастыру және шарлар өткізбейтін болып келіскен. Негізінде бұл мексикалық боксшының талабы болған. Тамыздың басында TMZ Sports Головкин мен Альварестің жаңа видео ролигін жариялаған еді. Портал мәліметінше, видео шілденің ортасында түсірілген деп болжаған еді, алайда бұл видео мамырда өтуі тиіс болған жекпе-жекке арнайы түсірілгені белгілі болды. 

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

blog.share
Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесу алдында ашық жаттығулар өткізіледі, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Бұл туралы Golden Boy Promotions компаниясының промоутері Оскар де ла Хойя мәлімдеі.
Оның айтуынша, БАҚ және бокс сүйер қауым үшін 26 тамызда АҚШ-тағы Banc of California стадионында ("Лос-Анджелес" футбол клубының аренасы болып саналады) ашық жаттығулар өтеді.
 

Осыған дейін Головкин мен Альварес жекпе-жекке екі апта қалғанға дейін қандайда бір кездесулер ұйымдастыру және шарлар өткізбейтін болып келіскен.
Негізінде бұл мексикалық боксшының талабы болған.
Тамыздың басында TMZ Sports Головкин мен Альварестің жаңа видео ролигін жариялаған еді.
Портал мәліметінше, видео шілденің ортасында түсірілген деп болжаған еді, алайда бұл видео мамырда өтуі тиіс болған жекпе-жекке арнайы түсірілгені белгілі болды.
 

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді.
Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

Жарнама

Живи спортом!