Профи-бокс
10 мамыр 2017 13:24
 
Головкин мен Альварес жекпе-жегі қайда өткені дұрыс?

  Пікірлер

blog.share

Головкин мен Альварес жекпе-жегі қайда өткені дұрыс? ©goldenboypromotions.com

Қазіргі уақытта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жектің қай жерде өтетініне байланысты қызу талқы басталды. Осы орайда Vesti.kz порталы оқырмандардың пікірін білу үшін арнайы сауалнама ұйымдастыруды жөн көрді. 

Головкин - Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні өтеді. Бірақ жекпе-жектің қай жерде өтетіні әлі белгісіз болып тұр. Қазіргі уақытта "Канелоның" командасы Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенін жалға алып, тіпті Невада штатының Атлетикалық комиссиясына жекпе-жекті өткізу үшін құжаттарды өткізіп қойған. Алайда бұл туралы нақты мәлімет жоқ. 

Vesti.kz порталы назарларыңызға "Головкин мен Альварес жекпе-жегі қайда өткені дұрыс?" деген сауалнаманы ұйымдастырып отыр. Бұл жекпе-жек өтуі мүмкін деген 7 спорт кешенін іріктеп алдық. Олардың қатаында Лас-Вегастағы T-Mobile Arena және MGM Grand, Нью-Йорктегі Madison Square Garden, Далластағы AT&T Stadium, Лос-Анджелестегі Staples Center, Лондондағы "Уэмбли", Мехикодағы "Айтека" және Азия аймағындағы спорт кешендерінің бірі бар. 

Сауалнамаға мына СІЛТЕМЕ бойынша қатыса аласыздар. 

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек туралы барлық жаңалықтарды мына жерден оқи аласыздар. 

Жарнама

Живи спортом!