Кәсіпқой бокс
10 мамыр 2017 12:00
 
Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жекте қанша белбеу сарапқа салынады?

  Пікірлер

blog.share

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жекте қанша белбеу сарапқа салынады? ©: Golden Boy Promotions

Қыркүей айының 16-на орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жекте төрт белбеу сарапқа салынады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Отандасымыз бұл кездесуге барлық белбеуін орта салып отыр. Бірақ "Канело" WBC белбеуіне таласудан бас тартып отыр. Өйткені, мексикалық боксшы өткен жылы бұл ұйымның басшыларымен сөзге келіп қалған. 

Ал өз кезегінде Сауль болса бар болғаны бір ғана белбеуін орта салады. Оның өзі The Ring журналының арнайы жасалған белбеуі. Ал WBO белбеуін "Канело" иесіз қалдыруы мүмкін. Себебі, ол белбеуді мексикалық боксшы бірінші орта салмақта жеңіп алды. Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 160 фунтта, яғни орта салмақта өтеді. 

Еске салайық, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтетіні белгілі болды. НВО арнасы бұл кездесуді PPV арқылы таратады. Алайда қайда өтетіні әзірше нақты белгілі болмай тұр.

Қазіргі таңда Головкин - Альварес жекпе-жегін өткізуге сегіз спорт кешенінен ұсыныс түскен. Олардың ішінде Лас-Вегастағы, Нью-Йорк қаласында орналасқан Madison Square Garden және Далластағы AT&T Stadium стадионы секілді танымал спорт кешендері бар. АҚШ-тан бөлек Ұлыбритания астанасындағы "Уэмбли" және Мехиконың "Ацтек" стадиондары да бұл жекпе-жекті қабылдауға ынталы.

Жарнама

Живи спортом!