Профи-бокс
6 мамыр 2018 11:18
 
Головкин Мартиросянды карьерасында бірінші рет нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Головкин Мартиросянды карьерасында бірінші рет нокаутқа түсірді HBO Boxing

Бірінші орта салмақта әлем чемпионы атағына бұрынғы үміткер америкалық Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 KO) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) қарсы өткен кездесуде карьерасында бірінші рет нокаутпен жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Олардың кездесуі Астана уақытымен 6 мамыр күні таңда Карсон (Калифорния штаты, АҚШ) қаласындағы StubHub Center спорт кешенінде өтіп, екінші раундта қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. 

Бұл Мартиросянның карьерасындағы төртінші жеңілісі болатын. Ал нокаутпен шыққан тегі арменялық боксшы бірінші рет жеңілді. Бұған дейін ол үш рет төрешілердің шешімі бойынша жеңілген болатын. 

Головкин болса кәсіпқой бокстағы 39 кездесуін өткізіп, 38 жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз 34 кездесуде қарсыластарын нокаутпен жеңген. 

Осылайша Головкин осы салмақта чемпиондық белбеуді қорғау көрсеткіші бойынша атақты америкалық Бернард Хопкинстің (55-8-2, 32 КО) рекордтын қайталады. Енді екі боксшының еншісінде де чемпиондық белбеуді қорғау көрсеткіші жиырма. 

Жарнама

Живи спортом!