Головкин Мартиросянды екінші раундта нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өткен кездесуде Головкин бірінші секундтардан шабуылын үдете түсті. Мартиросян бірнеше соққысын дарыта алды.
36 жастағы қазақстандық боксшы осымен 38-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 34-і нокаутпен аяқталған. 32 жастағы Мартиросян болса карьерасында төртінші рет жеңілді. Қазақстандық WBA титулын 19-шы рет, IBO титулын 17 ал WBC титулын төртінші рет қорғап қалып отыр. Осылайша отандасымыз Бернард Хопкинстің әлем чемпионы титулын 20 мәрте қорғап қалған боксшы ретінде рекордты қайталады.
Бокс кешін QazSport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетті.
Smh over in 2nd rd. What a disgrace @GGGBoxing is. Should’ve fought his mandatory instead of a non middleweight who hasn’t fought in 24 months! Bum! #GGGMartirosyan #GGGvsVNM #boxing #CincodeMayo #boxingheads #GGGBoxing pic.twitter.com/kItAK1RWa1
— jamar dowdye (@Blindninja82) 6 мая 2018 г.
Жарнама