Профи-бокс
4 қараша 2018 17:37
 
Головкин МакГрегор және Нурмагомедовпен жұдырықтасу ұсынысына жауабын айтты

  Пікірлер

blog.share

Головкин МакГрегор және Нурмагомедовпен жұдырықтасу ұсынысына жауабын айтты видеодан үзінді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ережесіз жекпе-жек жұлдыздарымен төбелесуге дайын екенін жеткізді, оның ішінде жеңіл салмақта ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор де бар, - деп хабарлайды  Vesti.kz.

TMZ Sports тілшісі Головкин мен оның ұлы Вадимды әуежайда жолықтырып, бірнеше сұрақ қойып үлгерген. Боксшы бақылау пунктінен өтіп жатқан уақытта, сұрақтарға жауап беріп отырған. 

Головкин шаршы алаңға 2019 жылы бірінші тоқсанда қайтып оралады деп жоспарланған. Ол соңғы өткізген жекпе-жегінде төрешілердің көпшілігінің дауысымен мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңіліп, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылған еді. 

Осыған дейін, GGG қарсыласы Риота Мурата болады деп жоспарланған. Алайда 20 қазанда күн шығыс елінің боксшысы америкалық Роб Бранттан жеңіліп, орта салмақта WBA Regular титулынан айырылды. Соның салдарынан екі команданың жоспары бүлінді. 

Жарнама

Живи спортом!