Кәсіпқой бокс
16 тамыз 2018 13:17
 

Головкин командасының "жылай беретіні" жалықтырып жіберді - Сауль Альварес

  Пікірлер

blog.share

Головкин командасының "жылай беретіні" жалықтырып жіберді - Сауль Альварес "Канело" Альварес. © boxingscene.com

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) телеконференцияға қатысып, Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) командасының қайта-қайта допинг жайлы айтып, мезі қылғанын және осы ызаны қыркүйектегі рематчта жеңіске жету үшін пайдаланатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Олардың қайта-қайта мені допинг үшін жазғыра беретінінен шаршадым, қатты ызалымын, алайда осы ашуымды өз пайдама жаратамын. Менің тәжірибем бар. Әрине мен ашуға булығып, ренжитін болсам қателікке бой алдыруым мүмкін. Сол себепті мен мұны өз пайдама жаратып, арық қарай серпіліс алуға мүмкіндік береді. Мен осы ызаны 15 қыркүйектегі жекпе-жекте өз пайдама жаратамын. 

"Арамыздағы сыйластық жоғалды. Олар (Головкиннің командасы) қайта-қайта шағымданып, "жылай береді". Бірақ олардың сөзі маған қосымша мотивация береді. Мен екінші кездесуде бүкіл әлемге кімнің ең мықты боксшы екенін көрсетемін. 15 қыркүйекте шаршы алаңға еш алаңсыз шығамын. Басты мақсатым - рингке шыға салысымен жеңіске жету. Оның барлық қателіктерін пайдаланып, өзіне қарсы қолданамын", - деді Альварес. 

Айта кетейік, Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді. 

blog.share
Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) телеконференцияға қатысып, Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) командасының қайта-қайта допинг жайлы айтып, мезі қылғанын және осы ызаны қыркүйектегі рематчта жеңіске жету үшін пайдаланатынын айтты, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


"Олардың қайта-қайта мені допинг үшін жазғыра беретінінен шаршадым, қатты ызалымын, алайда осы ашуымды өз пайдама жаратамын.
Менің тәжірибем бар.
Әрине мен ашуға булығып, ренжитін болсам қателікке бой алдыруым мүмкін.
Сол себепті мен мұны өз пайдама жаратып, арық қарай серпіліс алуға мүмкіндік береді.
Мен осы ызаны 15 қыркүйектегі жекпе-жекте өз пайдама жаратамын.
 

"Арамыздағы сыйластық жоғалды.
Олар (Головкиннің командасы) қайта-қайта шағымданып, "жылай береді".
Бірақ олардың сөзі маған қосымша мотивация береді.
Мен екінші кездесуде бүкіл әлемге кімнің ең мықты боксшы екенін көрсетемін.
15 қыркүйекте шаршы алаңға еш алаңсыз шығамын.
Басты мақсатым - рингке шыға салысымен жеңіске жету.
Оның барлық қателіктерін пайдаланып, өзіне қарсы қолданамын", - деді Альварес.
 

Айта кетейік, Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді.
Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.
 

Жарнама

Живи спортом!