Профи-бокс
18 сәуір 2018 13:19
 

Головкин келесі қарсыласының есімін ертең жариялайтын болды

  Пікірлер

blog.share

Головкин келесі қарсыласының есімін ертең жариялайтын болды Геннадий Головкин. Сурет: metro.co.uk

Орта салмақтағы өнер көрсететін Армениядан шыққан америкалық боксшы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) осы салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) келесі қарсыласы болатын болды. Бұл туралы ESPN басылымы хабарлап отыр. 

Басылымның мәліметі бойынша, екі боксшының командалары келіссөз кезінде біраз нәрсені шешіп қойған. Жекпе-жек Америка уақыты бойынша 18 сәуір күні ресми хабарланады. Осы күні мексикалық боксшы Сауль "Канело Альварестің допинг дауына байланысты ісі де қарастырылады. 

Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтуі керек болатын. Бірақ екі мәрте допинг сынақтан өте алмай, қанынан кленбутерол дәрумені табылған мексикалық боксшыны Невада штатының Атлеттер комиссиясы уақытша жекпе-жектен шеттетті. Кейін "Канелоның" өзі кездесуден бас тартты. 

"Канелоның" айтуынша, кленбутерол дәрімені оның ағзасына бұзылған ет арқылы түскен. Егер алдағы істің тыңдалымы кезінде Альварес өзінің таза екенін дәлелдей алмаса, онда ол ұзақ мерзімге бокстан шеттетілуі ықтимал. 

Айта кетейік, бұл жағдайға қарамастан Головкин бәрібір де 5 мамыр күні кездесу өткізуге ниетті. Бірақ қарсылас таңдау кезінде біраз қиыншылықтарға тап болып отыр. Бұл мәселелердің барлығы осы аптада шешілуі керек. 


blog.share
Орта
салмақтағы
өнер
көрсететін
Армениядан
шыққан
америкалық
боксшы Ванес
Мартиросян
(36-3-1,
21
КО)
осы
салмақтағы WBC,
WBA
(Super),
IBF
және
IBO
тұжырымдары
бойынша
әлем
чемпионы
қазақстандық
Геннадий
Головкиннің (37-0-1,
33
КО)
келесі
қарсыласы
болатын
болды.
Бұл
туралы ESPN
басылымы
хабарлап
отыр. 
/>
/> Басылымның
мәліметі
бойынша,
екі
боксшының
командалары
келіссөз
кезінде
біраз
нәрсені
шешіп
қойған.
Жекпе-жек
Америка
уақыты
бойынша
18
сәуір
күні
ресми
хабарланады.
Осы
күні
мексикалық
боксшы
Сауль
"Канело
Альварестің
допинг
дауына
байланысты
ісі
де
қарастырылады. 
/>
/> Головкин
мен
Альварес
арасындағы
екінші
кездесу
5
мамыр
күні
Лас-Вегас
қаласындағы T-Mobile
спорт
кешенінде
өтуі
керек
болатын.
Бірақ
екі
мәрте
допинг
сынақтан
өте
алмай,
қанынан кленбутерол
дәрумені
табылған
мексикалық
боксшыны
Невада
штатының
Атлеттер
комиссиясы
уақытша
жекпе-жектен
шеттетті.
Кейін
"Канелоның"
өзі
кездесуден
бас
тартты. 
/>
/> "Канелоның"
айтуынша,
кленбутерол
дәрімені
оның
ағзасына
бұзылған
ет
арқылы
түскен.
Егер
алдағы
істің
тыңдалымы
кезінде
Альварес
өзінің
таза
екенін
дәлелдей
алмаса,
онда
ол
ұзақ
мерзімге
бокстан
шеттетілуі
ықтимал. 
/>
/> Айта
кетейік,
бұл
жағдайға
қарамастан
Головкин
бәрібір
де
5
мамыр
күні
кездесу
өткізуге
ниетті.
Бірақ
қарсылас
таңдау
кезінде
біраз
қиыншылықтарға
тап
болып
отыр.
Бұл
мәселелердің
барлығы
осы
аптада
шешілуі
керек. 
/>
/>
/>
Головкин - Альварес Головкин Геннадий Сауль "Канело" Альварес Кәсіпқой бокс

Жарнама

Живи спортом!